Атырауда бұралқы ит қаптады. Салдарынан жұрт далаға шығуға қорқып қалған. Қарғы баулыдан зардап шегетіндер де көбейген. Жыл басынан бері 109 бірыңғай байланыс орталығына үй жануарынан жарақат алу бойынша 100-ден астам шағым түскен. Аймақта биыл ит аулау, жою жұмыстарына облыстық бюджеттен 129 миллион теңге бөлінген. «Бірақ әзірге бұл бағыттағы жұмыс сылбыр», — дейді көпшілік.
ДИНАРА ОРЫНТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Егіп қойған гүлдерді таптап кетеді. Одан мына жерде қоқыстарды шашады. Балаларға қауіпті, олар бір-бірімен төбелескен кезде ересектерге де шабуыл жасайды. Біз балаларымызды қарапайым ойнауға жібере алмаймыз.
АСЛАНБЕК ШАРИПОВ, ОБЛЫСТЫҚ АШЖҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
— Басқармамен биылғы жылға өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде 2 мердігер мекеме осы жұмыстармен айналысуға жеңімпаз болып анықталып, жұмыстар жалғасуда.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.