Қазақстан жылқы санынан әлемнің бестігіне енді

Қазақстан жылқы саны бойынша әлемнің алғашқы бестігіне енді. Бұл туралы World Population Review ұйымының биылғы жаңартылған рейтингінде айтылған.
Тізімде Мексика, АҚШ, Бразилия және Моңғолиядан кейін тұрмыз. Биыл еліміздегі жылқы саны 4,8 миллионға жеткен. Ал өңіраралық көрсеткішке келер болсақ, Түркістан облысы көш басында. 504 мың бас мал бар. Одан кейін Абай мен Қарағанды облыстары орналасқан. Ал Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстары үздікті бестікті түйіндеп тұр.
Ең төменгі көрсеткіш республикалық маңызы бар қалаларда тіркелген. Астана қаласында небәрі – 339, Алматыда – 626, ал Шымкентте – 19 мыңнан сәл ғана асады.
———————————————