Оқушылар жазғы каникулға кетті

Бүгін еліміздің барлық мектебінде бір мезгілде «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтті. Оқу жылы осылай қорытындыланды. Бір жылда 257 жаңа мектеп есігін айқара ашыпты. Бұл бұрын-соңды болмаған рекодттық көрсеткіш. Оқушылар халықаралық білім додаларында 362 медаль иеленгенді. Оның 41-і – алтын. Ел тарихында алғаш рет колледж студенттерінен құралған Қазақстанның Ұлттық құрамасы Францияда өткен 47-ші WorldSkills чемпионатында зор табысқа жетіп, 7 медальон иеленді. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3 млн 900 мыңнан астам оқушы қорытындылады. Оның 217 мыңнан астамы мектеп бітірді.
———————————————