Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
СӘТПАЕВТАҒЫ СҰМДЫҚ
Сәтпаев қаласында ер адам қыз баланы зорламақ болды. Ол тұрғын үйдің кіре берісінде шабуыл жасаған. Алайда арам ойы жүзеге аспады. Полиция күдіктіні дереу ұстады.
СҮНДЕТТЕН СҮРІНДІ
Павлодарда сүндет жасаймын деп баланы жарақаттап алған хирургке қатысты сот процесі аяқталды. Дәрігер балғынның зәр шығару арнасын зақымдаған. Жұмыстан шеттетілген маманға сот қандай жаза кесті?
БАЛЫҚ ҚЫРЫЛДЫ
Балық неге қырылды? Ақтөбедегі тоғандарда су жәндігініің өлексесі көбейген. Осыдан кейін облысаралық бассейндік инспекция құрылып, оқиғаның себеп-салдарын анықтады.
КЕШІККЕН НАУҚАН
Қостанай облысында көктемгі егіс науқаны кешікті. Шаруалар жанар-жағармайға бөлінген субсидияны уақытылы алмаған. Оның үстіне, өңірде жауын-шашын тоқтамай, жұмыс тағы кідірген.
САБАҚ БІТТІ
Сабақ бітті сайрандаймыз! Бүгін барлық мектепте «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Сөйтіп, оқушылар жазғы каникулға кетті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.