Шымкентте жасөспірімге спорттық садақтың оғы тиді. Оқиға орталық стадионда болған. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған садақ ату бөлімінде жаттығу кезінде жебелердің бірі алаңнан шығып, өтіп бара жатқан балаға тиген. Зардап шеккен 11 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа ауыр, ол хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Ал полиция департаменті болған жағдай бойынша қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау бабымен қылмыстық іс қозғады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.