Астық сақтау қоймасындағы жарылыстан бір адам қайтыс болды

Астық сақтау қоймасында жойқын жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Тағы үшеуі ауруханаға түсті, жағдайлары ауыр. Оқиға- Алматы облысындағы жем дайындайтын зауыттың аумағында болды. Бұл қайғылы жағдайды кәсіпорын басшылығы растады. Қазір шұғыл ішкі тексеру басталып, тергеу жүріп жатыр.
———————————————