Президент мемлекеттік наградалар табыстады

Танымал мұнайшы және қолы «алтын» дәрігер мемлекеттік наградамен марапатталды. Президент бүгін мұнайшы Равиль Шырдабаевқа «Отан» орденін, ал дәрігер Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыс етті. Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ саласын өркендетуге еңбегін сіңірген, министр, облыс әкімі, депутат ретінде қызмет еткен Шырдабаевқа және денсаулық сақтау жүйесінде елу жылдан астам уақыт тер төгіп, аса күрделі оталар жасаған мықты хирург Тоқпановқа ерекше құрметін білдірді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:
— Сіздерге берілетін бүгінгі жоғары мемлекеттік марапат – ел игілігі үшін жасалған табанды еңбектің лайықты жемісі. Бұл – жұртымыздың шынайы ықыласы және зор алғысы.
———————————————