Freedom Life ұйымдастырған конкурс мәресіне жетті

Алматыда «Freedom Life» компаниясы ұйымдастырған цифрлық гигиена бойынша республикалық конкурс өз мәресіне жетті. Байқау қорытындысы бойынша Физика-математика мектебі жеңімпаз атанды. Айта кету керек кезекті мәрте ұйымдастырылған шараға еліміздің 51 білім ордасынан 2000-нан астам оқушы қатысты. Олар campdigital.ffin.life платформасында онлайн арнайы курстан өтті. Мұндағы басты мақсат – жасөспірімдердің қаржылық сауат негіздерін арттырып, оларды кибералаяқтардан қорғау. Салтанатты шараға жиналғандарға қазақ эстрадасының жұлдызысы Kalifarniya өнер көрсетті. Жалпы аталған конкурс 2019 жылдан бері Freedom Camp әлеуметтік жобасы аясында өтеді. Содан бері елімізде 8 мыңнан астам бала оқытылған екен.
АЗАМАТ ЕРДЕСОВ, FREEDOM LIFE ӨСК ТӨРАҒАСЫ:
— Бес жылдан бері біздің базада Freedom Camp балалар лагерін ұйымдастырып келеміз. Алғашында ол офлайн еді, бірақ, міне, үш жылдан асты онлайн режимге ауысты. Осы уақыт аралығында біз көптеген тыңдаушыны, мектеп оқушыларын, жоғары оқу орындарының студенттерін оқыттық. Жалпы біз жастарымыздың әрқашан қаржылық сауаты жоғары болғанын қалаймыз.
———————————————