Елордада «Астана – есірткісіз қала» акциясы басталды. Қатысушылар еліткіш заттарды жойып, есірткі бизнесіне тоқтау салуға ниетті. Акция бір ай өтеді. Шараға тұрғындармен қатар танымал тұлғалар, блогер мен жастар атсалысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған акция Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күніне орайластырылған. Соның аясында 40-тан астам шара өткізу жоспарланған.
ӘЛИЯ ҚИБАТҚЫЗЫ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ПОДПОЛКОВНИГІ:
— Осы айдың жиырма алтысынан бастап маусым айының жиырма алтысына дейін нашақорлықтың алдын алуға байланысты акция өткізілуде. Бір ай бойы нашақорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргіземіз. Барлық іс-шара жасөспірімдерге «Есірткіге жоқ» деп айтуды үйретеді. Иә, сондай-ақ, салауатты өмір салтын сүрсін деп айтамыз. Қала бойынша қырыққа жуық іс-шара өткізілуде.
АЙГЕРІМ ЖИЕНБЕК, ОҚУШЫ:
— Мысалы, бір рет есірткі қолданған адам ол мәңгі тәуелді болып қалады. Осыған байланысты менің жас ұрпаққа айтарым, есірткіні қолданбаңдар. Есірткіге жол жоқ. Осындай бір қызықты іс-шараларға қатысыңдар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.