Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
СОҢҒЫ ДЕМ — ШҰҒЫЛ
Мектеппен қоштасудың орнына өмірмен қош айтысты… Бір өңірде жасөспірімді шампурмен өлтірді. Тағы бір жерде төбелес, улану, тіпті ауруханаға түскен түлектер бар. Мектеп бітіру кеші той ма, трагедия ма?
САДАҚ ТИДІ
Шымкентте алаңсыз футбол ойнап жүрген балаға жебе тиді. Қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүріп жатыр.
КҮШТЕП ҚАЙЫР СҰРАТҚАН
Қарағандылық төртеу қол-аяғы жоқ мүгедекті нағыз «табыс көзіне» айналдырып, күн сайын 100 мың теңгеге дейін қайыр сұратқан. Қайыршыға жұмыс кестесі бекітіліп, сәбиін кепілге алған. Күдіктіге сот қандай жаза кесті?
ТЕГІН ЕМДЕЙДІ
Балаңыз жалпақ табан болса, тегін емдетіп алыңыз. Әйтпесе есейгенде жүріс-тұрысы қиындап, омыртқасы қисаяды, буыны ауырады. Әр өңірде ортопед-мамандар акция өткізіп жатыр.
ШОПАНДАР ШОУЫ
Талдықорғанда тұңғыш рет шопандар сахнаға шықты. Сұраққа жауап берді. Қозысын енесімен табыстырды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.