Қызылордада секс-құлдықта болған оқушы қыздың ісі бойынша кінәлілер сот үкімімен келіспейді. Айыпталушылардың ата-анасы мен 16 адвокат жоғары инстанцияларға шағым түсіріп, апелляциялық соттың алғашқы отырысы өтті.
«Жеңгетай болды, бопсалады» деген 14 адамның ісі енді қайта қаралады. Сотталушы арасында жасөспірім болғандықтан, сот процесі- жабық өтіп жатыр. Естеріңізге салайық, 16 жастағы қызды азаптап, жезөкшелікке итермеледі, — деп айып тағылғандарға, 4 жыл 8 айдан бастап, 7 жарым жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.