ҰБТ кезінде 55 талапкер бұзақылық жасаған

Ұлттық бірыңғай тестілеу жалғасып жатыр. Алғашқы аптада 55 талапкер бұзақылық жасаған. 26 түлек телефонмен кірген. Шпаргалка қолданбақ болған. Олар аудиториядан шығарылды. Тестке қатысушының 66 пайызы- білім емтиханын қазақ тілінде, 33 пайызы орыс, ал 65 талапкер ағылшын тілінде тапсырды. Мектеп түлектерінің 62 пайызы шекті балды жинаған. Биыл тестілеуге қатысуға 216 мың түлек өтініш білдірді.
———————————————