Жануарларды үркіткен бұзақы ұсталды. Шымкент зообағында жігіт- арнайы шарбақтан кіріп, түйеқұстың тұмсығынан тепкен. Әлеуметтік желіде тараған видеодан, оның басқа жануар қоршауын соғып, әдейі үркіткенін көруге болады. Зообақ ережесіне сәйкес, жануарлар тұратын қоршаудан өтуге тыйым салынады. Белгіге 17 жастағы жігіт мән бермеген. Полицейлер тәртіп бұзушының кім екенін анықтап, полиция бөліміне жеткізілді. Бұзақылық бабымен іс қозғалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.