Сәтбаевта ескі үй құлаудың аз-ақ алдында тұр

Көне үй, кез келген сәтте құлауы мүмкін. Сәтпаевте ескі баспананы паналаған ондаған отбасы- жанын шүберекке түйіп отыр. Жақында, ағаш үйдің төбесі түсіп, қабырғасы жарылған. Бұл мәселеден әкімдіктегілер хабардар. Бірақ баспананы апатты жағдайдайдағы үйлердің тізіміне енгізуге асығар емес.
Сәтпаев көшесіндегі бұл үйдің іргесі алпыс жыл бұрын қаланды. Ескі екені шұрық-тесік шатырынан ақ байқалып тұр. Қабырғасының да сыртқы сылақтары түсіп, жарықшағы көбейген. Тұрғын үйдің дәлізіндегі көктеген иіс те қолқаны алады. Бір-екі күн бұрын жауған жаңбырдан үйдің төбесі опырылған. Тұрғындар аман.

АЛТЫН ЖҰМАБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Дәліздегі төбе құлап, жүру қиындады. Көктемде төбеден су ақты. Бір адам келіп қарамады, соған ренжимін.
Рәбиға Рүстемова да бұл баспанада шыбын жанын шүберекке түйіп үреймен жүр. «Басымызға салмасын, бірақ жаңбыр жауса, шатыр құлап, үйінді астында қаламыз ба», — деп қорқады.
———————————————