Сәтбаевта жылу маусымына дайындық баяу

Сәтбаев қаласында апатты үйдің мәселесі ғана емес, жылу маусымына да дайындық баяу. Қазандықтарын жөндеуді- кейінге шегерумен келеді. Бұл тізімге Семей, Арқалық, Рудный қалаcы да кірді. Үкімет басшысы Ақтаудағы МАЭК-ті де, тәжірибесі жоқ компания жөндеп жатыр деп, көңілі толмайтынын білдірді. Олжас Бектенов- Астана, Көкшетау, Риддер және Қызылорда қаласындағы жылу көздерін жаңғыртуға, резервтен 25 млрд теңге бөлінетінін айтты. «Бұл ақшаның тиімді жұмсалуын бақылаймын», — деді. Премьер-министр, әкімдерге сылтауратпай, тендерлік рәсімдерді екі аптаның ішінде аяқтап, жылу нысандарын жылдам жөндеуді тапсырды. «Жылыту маусымына дайындық – әкімдіктердің жазда істейтін негізгі жұмысы болсын», — деді Олжас Бектенов. Ал Энергетика вице-министрі, бар шаруаны күзге дейін бітіреміз дейді.
———————————————