Шығыс Қазақстан облысының полициясы арнайы операция кезінде заңсыз алтын өндіретін топты анықтады. Үлкен Нарын аумағындағы таулы жерден алтын іздегендерді тәртіп сақшылары дроннан байқаған. Алты күдікті сол жерде ұсталды. Полицейлер түсірген мына видеода- олардың жұмысының ауқымы анық көрінеді. Жігіттердің қолында бағалы металды іздегенде қажет болатын барлық құрал-жабдық пен арнайы техника болған. Олардың қанша алтын жинағаны- жария етілмейді. Бұл іспен енді тергеушілер айналысып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.