Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің орталық банктері өкілдерінің кеңесіне қатысты. Жиынды ашқан Президент- жуырда Мажарстанда өткен бейресми саммитте- Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары, ынтымақтастықты тереңдетудің маңызын растағанын атап өтті. «Қазіргі күрделі өзгерістер қиындықтармен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен қаржы сияқты негізгі салаларда, күш-жігерді үйлестіру қажет», — деді Президент. Мемлекет басшысы қаржы секторындағы ынтымақтастықты кеңейту барысында, орталық банктер негізгі рөл атқарып, экономикалық және инвестициялық серіктестіктің қозғаушы күшіне айнала алады деп санайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.