Қазақстанда паллиативті көмектің жаңа стандарты қажет

Қазақстанда айықпас дертке шалдыққан балаларға паллиативті көмектің жаңа стандарты қажет. Паллиативті дегеніміз – дауасы жоқ дертті балаға қолдаушы көмек беру. Ауырсынуды басатындай жәрдем ету. Бұл салада қандай мәселе бар?
Павлодарлық Гүлзат Ихсанова екі жылдан бері үйінде науқас баласының күтімімен айналысады. 9 жасар кішкентай Аль-Таирға 17 диагноз қойылған. Инсульт, жүрек қан тамырлары сияқты ауыр дерттен жеткіншек төсекке таңылған. Арнайы маман болмағандықтан екпе жасау, басқа да медициналық ем дом көрсету анасы Гүлзаттың мойнында.

ГҮЛЗАТ ИХСАНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Денсаулық сақтау басқармасының басшысы баламды ауруханаға жіберуін сұрады. Мен құжаттарға қол қойып, арнайы күтімі жоқ, ортақ бөлімшеге баламды өз қолымнан жіберуім керек. Егер қажет ем болмаса, катетерді алып тастап, соңғы шешімге келулері де мүмкін.
———————————————