Шегіртке мал жаятын жайылымды жайпап барады

Сап түзеген шегіртке үй-үйге кіріп, мал жаятын жайылымдарды жапырып барады. Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданының тұрғындары бұл жағдайға алаңдап отыр. Ауыл тұрғындары шегірткемен күресуге жауапты мердігер компаниялар өз міндеттерін толық атқармай отырғанын айтады. Жұмысшылардың техникасы жиі бұзылып, қолданылатын химиялық препарат та жеткіліксіз. Алайда облыстық аумақтық инспекция өкілдері жағдайдың аса күрделі емес екенін айтып, бұл жағдай алдын ала болжанды дейді. Облыс аумағында шегірткеге қарсы өңделуі тиіс 513 мың гектар жердің тек 60 мың гектарына ғана химиялық өңдеу жүргізілген.
———————————————