Петропавлда маса мен шыбын-шіркей көбейді. Зиянкестердің былай қаптауына көктемгі су тасқыны себеп болған. Тұрғындар болса кеш құрым көшеге шығудан қалғанын айтып шағымданып жатыр.
Қала тұрғындарының бас ауруына айналған басты мәселе қазір маса болып тұр. Биыл зиянкест жылдағыдан көп. Халық кешкісін көшеге шығып серуендеуден қалған. Яғни ымырт уақытта қансорғыш қаптап, мазаны алады.
САМАТ ЕСМАҒИ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Күн жылынғалы бері өткенде маса маза бермеп еді. Оған енді міне шіркей қосылып жатыр. Далаға шығып, есік алдында жұмыс істей алмайсың. Не үйде терезелерді ашып қоя алмайсың. Аузыңды ашсаң аузыңа да кіреді, көзіңі де кіреді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.