Қарағандыда биологтар саябақтар мен скверлердегі жасыл желекті құтқару керек деп дабыл қағуда. Жәндіктердің жебірлігі сонша, бұтақ жалаңаштанып қалған. Тек орталық саябақтың өзінде 400 түп ағаштың жапырағы жоқ. Бұл – дернәсілдің алғашқы легі. Шілде айында екінші толқын, яғни құрт жұмыртқалары жетіліп қайта шығуы мүмкін. Жәндіктерге қарсы күресті бастаған саябақ басқармасы 26 гектардан астам жерді залалсыздандырмақ. «Ағаштарды өңдеуді мүмкіндігінше ерте жүргізбесе, жапырақ құрттың жемі болады. Өсімдік қыстың суығына шыдамауы мүмкін», -дейді мамандар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.