Сағыз ауылында үш адамға оқ тиді

Атырау облысы Сағыз ауылында үш адамға оқ тиді. Көлік ішінде отырған азаматтарға белгісіз біреу оқ атқан. Қазір жараланған үшеу облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер: «Науқастардың жағдайы ауыр», — дейді. Ал полиция тергеу басталғанын жеткізді.
ДӘУРЕН ШАНАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ХИРУРГ-ДӘРІГЕРІ:
— Кеше кешкісін санавиация желісімен шақырту түсті. Мақат ауданынан сол жерге хирург, дәрігер бригадасы барды. Үш науқас қаралды, оның біреуі авиация арқылы ауруханаға жеткізілді. Қазір мойын, кеуде қаңқасының жағдайы ауыр, тұрақты. Осында ем қабылдап жатыр.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Аталған факті бойынша қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында барлық мән жайлар анықталатын болады. Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысушылар анықтау, ұстау үшін кешенді іс-шаралар жүріп жатыр.
———————————————