Зауыттағы жарылыс: бес адам қаза тапты

Алматыдағы ұн зауытында болған жарылыстан зардап шеккен төрт қызметкер де қайтыс болды. Ал біреуі сол мезетте тіл тартпай кеткен еді. Кәсіпорын басшылығы қаза тапқандардың отбасына барынша қолдау көрсетуге уәде берді. Сақтандыру төлемінен бөлек, қосымша қаржылай көмек берілмек. Сондай-ақ бақилық болғандардың жерлеу шығынын,олардың қарызын толық өтеп береді.Әр отбасыға психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіліп жатыр. Естеріңізге салайық, Алматы облысындағы Жібек жолы ауылы маңында ұн зауытының астық қоймасында жойқын жарылыс болды. Оған ұн тозаңының тұтануы себеп болған.
———————————————