Талдықорғанда Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі процесте марқұмның нағашысы Нұрғанат Ғайыпбаевқа қатысты сот-медициналық сараптамасы таныстырылды. Сарапшы Өмірбек Жолымбетов төбелес кезінде Ғайыпбаевқа келтірілген жарақаттарды тізіп берді. Сарапшы: «Бұл денсаулыққа келтірілген жеңіл жарақат», — деген баға берді.
Айта кету керек, бұл процеске де Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен оның туыстары қатыспады. Осы отырыста Абзал Шынасылдың адвокаты судья Ержан Жанұзақовты ауыстыру бойынша өтініш білдірді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.