Ветеринарлар мемлекетке 271 млн теңге шығын келтірді

Түркістан облысында ветеринарлар мемлекетке 271 млн теңге шығын келтірді. Сауран ауданына қарасты Оранғай және Жаңа Иқан ауылдық округтерінің ветеринарлары мен станция меңгерушісі ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізген. 31 шаруа қожалығында іс жүзінде жоқ ұсақ және ірі малдың бар екені туралы деректер жазып, мемлекеттен субсидия алған. Қылмыстық іс бойынша әскери бөлімнің бір қызметкері, үш мал дәрігері және бір меңгеруші күдікті деп танылды.
ДОСЫМХАН АЙТИШЕВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Күдіктілер 19 миллион теңге көлемінде келтірілген залалды ішінара өтеп, сонымен қатар олардың 120 миллион теңге болатын мүліктеріне тыйым салынды. Қазіргі таңда сот процесі жүріп жатыр.
———————————————