Қарағанды тасжолында жеңіл көлік киіктермен соқтығысты

Қарағанды тасжолында жеңіл көлік киіктермен соқтығысты. Апат кешкісін Астана – Қарағанды автобанында, Ошағанды ауылының маңында болды. 23 жастағы жүргізуші жолды кесіп өтіп бара жатқан бір үйір ақбөкенді байқамай қалған. Соның салдарынан жолаушы қыз жарақат алды. 10 жануар қырылды. Жүргізушінің айтуынша, көлік қайта жөндеуге келмейді. Қазір полицейлер оқыс оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Лада Приора автокөлігінің жүргізушісі жол бойына шығып кеткен. Киіктерге соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жиырма жастағы көліктің жолаушысы дене жарақаттарын алды. Аталған дерек полицияда тіркелді. Нақты процессуалдық шешім қабылдануы үшін жинақталған материалдар ветеринарлық инспекцияға жолданды.
———————————————