Жетісу облысындағы Ескелді ауданының Ешкіөлмес ауылында жер үстімен жүргізілген газ желісі тұрғындар үшін қатер төндіріп тұр. Негізгі көше бойындағы құбыр қисайып, құлауға жақын. Нысан қолданысқа берілмей жатып, іргетасындағы бетон әбден үгітіліп кеткен. Бұған қоса, газ құбырын тот басу қаупі де бар. Себебі ол дұрыс боялмаған. Жергілікті билік құжаттарды рәсімдеп жатқанын айтқанымен, халық нысанды дәл осындай күйінде қабылдауға үзілді-кесілді қарсы. Олар тапсырыс беруші жергілікті әкімдіктен шұғыл шара қабылдауды талап етіп отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.