ШҚО-да екі бала терезеден құлап кетті

Шығыс Қазақстан облысында екі бала терезеден құлап кетті. Оқыс оқиға Зайсан және Өскемен қалаларында болған. Балалар ауруханада жатыр. Құтқарушылардың айтуынша, олар үйде үйде ата-ананың қарауынсыз қалған. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін рейд ұйымдастырылып, дауыс зорайтқыш дрон ұшырылды. Ұшқышсыз апараттарға терезе бекіткіштер орнатылған. Мұндай құлыпты мамандар көпбалалы отбасыларға тегін салып береді.
ИВАН БЕРЕЖНЁВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Бұл – балалардың қауіпсіздігі үшін керек шара. Осындай бекіткіштер орнатылса, олар терезені аша алмайды.

МАРИНА ЛИСКОВА, ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Бүгін біз дрондарды ұшырып, оларға терезе бекіткіштерін тағып қойдық. Ата-аналар бұл құлыптарды көріп, қауіпсіздік шаралардың маңыздылығын түсінеді.
———————————————