Семейде Абай Құнанбаев дүниеге келді. Үйдің бесінші баласына әке-шешесі Абай деп ат қойды. Ал сәбидің тегі – Құнанбаев. Данышпан ақынның туған өлкесінде болған бұл сәйкестікті отбасы жақсылыққа балайды. Кішкентай Абайдың анасы, бұл есімді алғашқы ұлына бергісі келгенін айтады. Алайда ол кезде ат қою үйдің үлкендеріне бұйырыпты. Енді араға жылдар салып, сол арманы орындалды.
ЗАРИНА ҚҰНАНБАЕВА, АНАСЫ:
— Жолдасым Таңат екеуміз осы перзентіміздің атын Абай деп қояйық деп шешім қабылдадық. Қазағымыздың ұлы ойшылы, ағартушысы, сондай-ақ ұлы ғалым, дана адам болғандықтан, сол кісінің атына ырымдап қойдық. Қазақ енді ырымшыл халықпыз ғой, сол кісідей дана болсын, ғұлама адам болсын деп ырымдап қойдық.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.