Шарм-эль-Шейх әуежайында қазақстандық қайтыс болды | 19.05.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

МЫСЫРДАҒЫ ӨЛІМ
Мысырдағы қайғылы оқиға. Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнама қалқаны құлап, бір қазақстандық қайтыс болды. Тағы бірнешеуі ауыр жарақат алды. Туристердің қауіпсіздігіне кім жауап береді?

ҮЗІЛГЕН ҮМІТ
Шетелде оқуды армандаған жүздеген түлектің үміті үзілді. Ал баласының болашағы үшін тапқан-таянғанын берген ата-ана қарызға батты. Қызметінен кінәрат табылған орталық жабылды. Полиция тексеріп жатыр.

КИІКТІҢ КИЕСІ
Киіктің киесі ата ма? Қарағандыда жүргізуші жолды кесіп өтіп бара жатқан қалың бөкенді қағып кетті. Жол бойында жайылып жүрген даланың үркек жануарын көрмей қалған көлік иесі қандай жауапкершілікке тартылады?

ҚИСАЙҒАН ҚҰБЫР
Жетісу облысы Ескелді ауданының Ешкөлмес ауылында газ құбыры жантайып жатыр. Қожанасырдың бейіті секілді қисайған құбыр төрт жыл бұрын тартылған. Түбі қопарылған бағандарды тұрғындар бейнеге түсіріп, желіде таратты.

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ «ҚАЙТА ТУДЫ»
Семейде Абай Құнанбаев дүниеге келді. Үйдің бесінші баласына әке-шешесі Абай деп ат қойды. Ал сәбидің тегі – Құнанбаев. Данышпан ақынның туған өлкесінде болған бұл сәйкестікті тұрғындар жақсылыққа балайды.
———————————————