Өскеменді қою тұман басып, өткір иіс жайлады

Тұрғындарға маска тағып, есік-терезелерді жауып жүру ескертілді. Өскемен көгін қою тұман басып, өткір иіс қолқаны қапты. Қаладағы Согра ауданының халқы әуелі титан-магний зауытынан ақау шыққан болуы мүмкін деп топшылаған. Бірақ кәсіпорынның штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны айтылды. Ешқандай апат болмаған. Қазір облыстық жедел штаб өкілдері мамандармен бірлесіп, жағдайды анықтап жатыр. Алдын-ала тексеру нәтижесі бойынша, ауаға денсаулыққа зиянды зат тарамаған. Дегенмен аудандағы оқушылар- онлайн оқуға ауыстырылды.
ЕЛЕНА БЕРЕЗИНСКАЯ, «ӨСКЕМЕН-ТЫНЫСЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ БЮРОСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Біз «Өскемен Тынысы» экологиялық бірлестігінің филиалы апелляциялық шағым жасадық. Біріншісін 19-ы күні кешкі сағат 21:00- де, екіншісін бүгін таңертең бердік. Себебі құзырлы мекемелер тергеп-тексеру бастау үшін мерзімін көрсету маңызды.
———————————————