Алматы – Екатеринбург трассасында 6 шетел азаматы жол апатынан қаза тапты. Тағы төрт жолаушы мен жүргізуші Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді. Қостанай шекарасында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Автөкөлікте 10 шетелдік жолаушы болған. Олардың барлығы Тәжікстан азаматтары болып шықты.
КАРИНА БАЗАРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Аталған дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – «Көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соғу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тексеру басталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.