Бородиновка – Степное жолы бір-екі жыл бұрын ғана жөндеуден өткен. Алайда бүгінде апатты жағдайда тұр. Жергілікті тұрғындар да жолдың сапасына шағымдануда. Мониторинг қорытындысы бойынша мердігерлерге кепілдік мерзімін 1 жылдан 5 жылға ұзартты. Ал соңғы екі жылда Қарғалы ауданындағы жолдарды жөндеуге миллиардтан астам теңге жұмсалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мердігерлер жұмысының сапасыздығына жергілікті шенеуніктерді кінәлайды.
НҰРБОЛАТ МАХМҰТОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
— 2021 жылдан бастап қаржы бөлініп басталды. 2022 жылы бітуі керек еді. Осы тұрғанда жол нашар. Сондықтан біз осы жолдың дұрыс жөнделуін бақылауға алып жатырмыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.