Атыраудағы «Француз кварталы» ТҮК-нің сапасы сын көтермейді

Атыраудағы «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінің тұрғындары- баспана сапасына наразы. Жарық жиі өшеді, су жырмыштап беріледі. Жеделсаты да жыртың-жыртың істен шығады. Ал жаңбыр жауса, пәтер іші суға толады. Жайлы өмір сүруді аңсап, кемінде 40-50 миллион теңге салған жұрттың жүйкесі сыр бере бастаған. Ал мердігер мекеме өкілі мәселені бірдіндеп шешіп жатқандарын айтады.
ҚАЙША ТІЛЕУҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Сапасы нашар. Заң бойынша әрбір пәтерде терезе болуға тиіс. Бірақ жоқ. Өткенде жаңбыр қатты жауып, жоғарыдан су кетті. Жоба жалпы 11 млрд теңгеге салынған. Әлі түк жоқ. Өрт болса, терезе жоқ. Подъездің бәрі қорқынышты күйде. Жаңбырдан соң Венеция болады. Канализация түк қосылмаған.

АРМАН ТӨКЕНОВ, КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:
— Әу баста тұрғындарға бар мәселені айқай-шусыз шешейік дедік, бірақ келіспеді. Біз жасадық, ақау барын білеміз. Жұмыстарды жүргізу үшін арнайы график қойдық. Бірақ өздері бізді сотқа берді. Біз барлық ақауды қалпына келтіруге дайынбыз.
———————————————