Жетісу облысының орталығы жылан ордасына айналып бара жатқандай. Талдықорған тұрғындарын үрей биледі. Көшеде жылан қаптап кеткен. Мамандар әзірге мұның себебін түсіндіре алмай отыр. Ал жолда кездескен бауырымен жорғалаушыны азаматтар өз күштерімен ұстап, қауіпсіз аумаққа тасымалдауға тырысып бағуда. «Дегенмен бұл жыландар адамды шақпайды, қауіпсіз», — дейді кейбір сарапшылар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.