Студенттерге сүйінші жаңалық. Күзден бастап шәкіртақы өседі. Онда бакалавриат, магистратура және докторантура түгел қамтылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі мәлімдеді. Айталық, қыркүйектің бірінен бастап, бакалавриатқа – 52 мыңнан астам теңге, магистратураға – 117 мың, докторантураға – 262 500 теңге шәкіртақы беріледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.