Мәдениеті озық елдің рухы биік. Мемлекет басшысы өнер саласындағы азаматтарды үздік жетістіктері үшін «Қазақстанның Еңбек Ері», «Отан» және «Достық» орденімен марапаттады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет пен өнерді дамыту еліміздің негізгі басымдықтарының бірі саналатынын жеткізді. Былтырдың өзінде 45 мәдени нысан бой көтерді. Сондықтан алдағы уақытта бұл салаға қолдау тоқтамайтынын атап өтті. «Халық руханиятының тағы бір маңызды қыры – төл тарихымыз», — деді мемлекет басшысы. Биыл композитор Нұриса Тілендиевтің 100 жыдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтпек.
ҚАСЫМ- ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:
— Театр – руханиятымыздың негізгі тірегі. Ұлттық құрылтайдың Бурабайда болған отырысында аймақ театрлары туралы нақты тапсырма берілді. Театрлардың көпшілігі толық жаңғыртуды қажет етеді. Кейбіріне жаңа ғимарат керек. Осы жұмысқа кәсіпкерлер мен меценаттарды жұүмылдырған абзал. Мұндай жобаларға инвестиция салатын азаматтар аз емес. Бизнес өкілдерін руханиятты дамыту ісіне атсалысуға шақырамын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.