«Түркі дүниесі» ІІІ халықаралық студенттік театрлар фестивалі өтіп жатыр

Алматыда «Түркі дүниесі» ІІІ халықаралық студенттік театрлар фестивалі өтіп жатыр. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстанның жас актерлері жиналды. Салтанатты ашылу рәсімі Абай атындағы опера және балет театрының Камера залында өтті. Шараға ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті халықаралық ұйымының өкілдері, жетекші театр университеттерінің ректорлары мен өнер қайраткерлері қатысты. Фестиваль аясында студенттік театрлардың қойылымы, шетелдік және отандық сахна майталмандарының шеберлік сағаты, шығармашылық кездесулер мен спектакльдердің премьерасы ұйымдастырылады. Мақсаты – түркі елдері арасында мәдени байланысты нығайту және жас таланттарға кәсіби алаң құру.
СҰЛТАН РАЕВ, ТҮРКСОЙ БАС ХАТШЫСЫ:
— Жастар – біздің ұлттық менталитетіміздің, театр өнерінің келешегі. Бұл – өте жақсы платформа. Бір ғана спектакльді көрсетпей, бізде тақырыптық дискуссиялар болады. Оқу процестері талқыланады. Оқу процестерінің басқаша бір формасына, практикалық формасына бұл бір өзгеше проект болды.
———————————————