Қызылордалықтар тақия киіп жүгірді. Ұлттық нақышта алғаш ұйымдастырылған спорттық шараға өңірді мекендейтін 10-нан астам этнос өкілі қатысты. Оларға қала тұрғындары да ілесті. Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Тақиямен жүгіру» марафонында жүзге жуық желаяқ бақ сынады. Шара соңында барлық қатысушы мен жеңімпазға арнайы марапат табысталды.
ҒАЛИЯ ГИЗАТУЛЛИНА, ТАТАР ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Марафонды жыл сайын ұйымдастырып тұрамыз. Сайысқа түрлі ұлт өкілі қатысуда. Олар бір-біріне жақсы қолдау білдіріп жатыр. Сондықтан бұл марафон тек жүгіріп жарысу ғана емес, ұлттар достастығының жарқын көрінісі болғандай.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.