Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ХЛОР ИІСІ
Тұрғындарға маска тағып, есік-терезелерді жауып жүру ескертілді. Өскемен көгін қою тұман басып, өткір иіс жайлады. Алдын ала болжам бойынша, титан-магний зауытынан ақау шыққан болуы мүмкін.
АПАТҚА ҰШЫРАДЫ
«Алматы–Екатеринбург» трассасында 6 шетел азаматы жол апатынан қаза тапты. Тағы төрт жолаушы мен жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Қостанай шекарасында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысқан.
ЖЫЛАН ҚАПТАДЫ
Талдықорған тұрғындарын үрей биледі. Көшеде жылан қаптап кеткен. Мамандар әзірге мұның себебін түсіндіре алмай отыр.
ШӘКІРТАҚЫ ӨСЕДІ
Студенттерге сүйінші жаңалық. Күзден бастап шәкіртақы өседі. Бакалавриат, магистратура және докторантура түгел қамтылған.
ТАҚИЯЛЫ МАРАФОН
Қызылорда жұрты тақиялы марафонға қатысты. Өңірде мекендейтін 100-ге тарта түрлі ұлт өкілі қазақтың ұлттық бас киімін киіп, жүгірді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.