Ақтөбеде пара алған әскери тергеушілер сотталды

Ақтөбеде әскери тергеушілер сотталды. Ақтөбе гарнизонының Әскери соты сыбайлас жемқорлық үшін айыпталған Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының бұрынғы басшысы Мұхит Жауғашев пен оның орынбасары Асхат Сәдуақасовқа үкім шығарды. Олар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Полковник Жауғашевтің бұған дейін де 120 млн теңге жымқыру жөніндегі іс бойынша аты аталған еді. Алайда ол кезде тек куәгер ретінде жауап беріп, басқа өңірге ауыстырылған болатын. Бұл жолы сот оған 9 жыл үкім кесіп, полковник шенінен айырды. Ал оның орынбасары 8 жылға сотталып, аға лейтенант шені алынды.
АЙДАНА МАМБЕТҚАЗИЕВА, АҚТӨБЕ ГАРНИЗОНЫ ӘСКЕРИ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
— Айғақ заттарымен және сараптама қорытындыларымен дәлелдеуіне байланысты, сотталушының түзелуі және басқа қылмыстырды жасаудан сақтандыру мақсатында сотталушыларға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды. Жаза тағайындалға кезде сотталушы Джавгашеовтің жазасын жеңілдетеін мән-жайлар анықталған жоқ, ал сотталушы Садвакасовтың жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның екі жас баласы бар екенін сот назарға алды.
———————————————