Талдықорғанда Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотталушы Абзал Шынасыл өзінің тергеу кезінде берген түсініктемелерінен бас тартып, тек Ғайыпбаевты пышақтағанын мойындады. Бұған дейін ол басқа айыпталушылармен өзара ақылдасып, жазаны жеңілдету үшін барлық кінәні мойнына алуға бекінген болатын. Яғни Шерзат Полатқа да суық қару қолданғанын айтқан. Ал қазір ол тек бір адамның жамбасына пышақ сұққанын растап отыр. Сондай-ақ ол жауап беру кезінде өзін түсіруге, бет-бейнесін көрсетуге рұқсат берді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.