Мысырда көз жұмған Қазақстан азаматының денесі елге бүгін-ертең жеткізіледі. Отандасымыз Ақмарал Мұқанова мен оның ұлының медициналық сақтандыруы болғандықтан, барлық шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров осылай мәлімдеді. Қазір марқұмның отбасына өтемақы беру мәселесі де қарастырылып жатыр.
Айта кетейік, өткен демалыста Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнама қалқаны құлап, бір қазақстандық қайтыс болған еді. Тағы бірнешеуі жарақат алған.
ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ, СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Өтемақы бойынша қазір мәселе шешіліп жатыр. Біз көмектесіп жатырмыз. Біздің консул сол қалада жүреді, бақылауда ұстайды. Әрине, Египет тарапымен байланыстамыз. Мысалы, олардың тиісті министрі сол мәселені бақылап жатыр. Комиссия құрылып, қазір тергеу жүргізіп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.