Африкадағы алмаз саудасына қатысамыз деп алданып қалды

Африкадағы алмаз саудасына қатысып, байытамыз. Алаяқтардың әдемі жарнамасына алданған салымшылар 9 млрд теңге инвестиция құйған. Күдіктілер Маңғыстауда ұсталды. Қазір «Sax Invest» қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр. Инвестицияның басым бөлігі компанияның емес, ұйымдастырушылардың жеке шотына аударылып отырған. Артынша ол ақшаны жеке мақсаттарына пайдаланған. Күдіктілер арасында ұйымның Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қаласындағы бөлімше басшылары бар. Барлығы 10 адамның жетеуі қамауға алынды.
———————————————