Астанада «Big Шанхай» базары өртенді

Астанада базар өртенді. Алайда әкімшілік тарапынан алдын ала хабар түспеген. Қою түтін мен лапылдаған жалынды өрт сөндірушілер байқап, дереу әрекетке көшкен. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, құтқарушылар бірінші және үшінші қабаттың терезелерінен шыққан қою түтінді көріп, шұғыл дабыл қаққан. Алапат өрт 30 шаршы метр жерді шарпыған. Оқиға орнына жеткенде температураның әсерінен тірек конструкциялары қисайып, бірінші мен екінші, сондай-ақ екінші мен үшінші қабаттардың арасындағы төбе плиталары опырылып түскен. Өрт салдарынан ТЖД-ның үш қызметкері зардап шекті. Олардың бірі түрлі жарақат пен миы шайқалып, ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардан 165 адам және 62 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар отпен 6 сағат бойы арпалысты.
НҰРШАШ СЕЙІТҚЫЗЫ, САУДАГЕР:
— Чатқа базар өртеніп жатыр деген хабарлама келді. Біз сағат 4-тен аса келдік. Келген кезде қатты жанып жатты. Біз кіргізсе затымызды алып қаламыз деп ойлағанбыз. Бірақ, өкінішке қарай, затымызды алып қалуға мүмкіндік болмады. Өйткені, жалын қатты болды.

ҚАНАТ АЛТЫНБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Өрт болған жерге келген кезде 3 қабатты ғимараттың іші өртеніп жатқаны анықталды. Жалпы сыртқы қабырғаларының температурасы бізде арнайы өлшеу құрылғыларымен өлшеген кезде 800С асып тұрды. Өздеріңіз білесіздер, сырты 800 градус болып тұрған соң ішінде қандай температура болып тұр. Өртті сөндіру қиын болу себептері, біріншіден, ғимараттың ішінде жанатын заттардың көп болуына байланысты және өрт өте жай анықталды.
———————————————