Көп ұзамай ел азаматтары үйге шақырған жедел жәрдемнің қайда келе жатқанын онлайн бақылай алады. Пилоттық жоба әзірге Астанада іске қосылды. Мұны денсаулық сақтау министрлігі мен едлода әкімдігі бірлесіп әзірлеген. Яғни, шұғыл көмек шақырған адамға Яндекс Go қосымшасынан хабарлама келеді. Онда бригаданың нақты маршруты мен келу уақыты көрсетілген карта болады. Жобаның алғашқы кезеңінде жүйе тек бірінші санаттағы шақыруларға әрекет етеді.
АЙДАР ҚАСЕНОВ, ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРДЫҢ М.А.:
— Бұл жүйенің негізгі мақсаты – халыққа көрсетілетін медициналық сапасын артыру және жедел жәрдем жұмысын жеңілдету. Қазігі таңда Астана қаласындағы операторлар тәулігіне шамамен 6000 қоңырау қабылдайды, соның 40% жуығы жедел жәрдемнің келу уақытын нақтылауға қатысты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.