Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты экс-дипломат Сәкен Мамашқа үкім кесті. Бұрынғы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшісінің кеңесшісі 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сәкен Мамаш жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сондай-ақ оны сот дипломатиялық дәрежесінен де айырды.
Еске салайық, Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш 2024 жылдың мамырында күйеуім ұрып-соқты деп видео жариялап, 10 жыл бойы қорлық көргенін айтқан болатын. Осы оқиғадан кейін дипломат елге шұғыл түрде шақырылып, кейін қамауға алынған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.