Перизат Қайрат ісі: жәбірленушілер табылмай жатыр

Жәбірленушілер табылмай жатыр. Перизат Қайрат ісі бойынша бірнеше жәбірленуші мен олардың өкілдерін сотқа мәжбүрлеп жеткізудің өзі мүмкін болмаған. Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері бүгінгі сотқа жәбірленушілер мен олардың өкілдерін жеткізуі немесе онлайн қосуы тиіс еді. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, олармен байланыс орнату үшін тұрғылықты мекенжайларына барып, ұялы телефон арқылы хабарласу нәтиже бермеген. Туыстарымен де байланыса алмаған. Осы жағдайға байланысты Қаржы мониторингі агенттігінің жедел уәкілі рапорт толтырған. Анықталғандай, жәбірленушілердің бірі – Алматыдағы «Сұңқар» құс фабрикасының қызметкері, Перизат Қайраттың қорына өз атынан 60 мың теңге аударған. Тағы бір азамат жеке кәсіпорын атынан су тасқынына қарсы күреске 3 миллион теңге аударыпты. Үшіншісі – Маңғыстау облысы бойынша қорға 231 500 теңге аударған мемлекеттік мекеме екен.
———————————————