Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды. Тұңғыш рет мамыр айында өткізіліп жатқан турнирге еліміздің кіл мықтылары жиналған. Олардың арасында ел чемпиондары, халықаралық дәрежедегі шеберлер мен кәмелетке толмаған жас жұлдыздар бар.
Жарыс Open және Women санатында өтеді. Әрқайсысына 14 шахматшыдан қатысады. Турнирдің форматы — 13 турдан тұратын айналма жүйе. Іс-шара ұйымдастырушыларының айтуынша, турнирдің жүлде қоры – 20 миллион теңге. Бас жүлде – 3 миллион. Оның иегері 1 маусым күні анықталады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.