Абзал Шынасыл Ғайыпбаевты пышақтағанын мойындады | 21.05.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

КӨҢІЛДЕСІ ҮШІН СОТТАЛДЫ
120 млн теңгені жымқырды деп айыпталған әскери тергеу басқармасының бұрынғы қызметкерлеріне үкім шықты. Ақтөбе горнизонының әскери соты екі күдіктінің пара алғанын растады. Жымқырылған ақша ашынаға жұмсалған.

АЛМАЗҒА 9 МЛРД ТЕҢГЕ
Африкадағы алмаз саудасына қатысып, байытамыз. Алаяқтардың әдемі жарнамасына алданған салымшылар 9 млрд теңге инвестиция құйған. Күдіктілер Маңғыстауда ұсталды.

ШЫРЫЛДАУЫҚ ШЕГІРТКЕ
Қызылорда облысының шаруалары шыр-пыр болып жатыр. Арал ауданы Абай ауылында шегіртке қаптап кеткен. Зиянкес жайылымдағы шөптің түгін қоймай қырқа бастапты.

ОНЛАЙН БАҚЫЛАУ
Елорда тұрғындары жедел жәрдем бригадасының жету барысын онлайн бақылай алады. Денсаулық сақтау министрлігі мен қала әкімдігі бірлесіп әзірлеген пилоттық жоба іске қосылды.

АНА СҮТІ САҚТАЛАДЫ
Алматыда тұңғыш рет ана сүті банкі ашылды. Бірегей жоба жүздеген шала туған нәрестенің өмірін ұзартады деген үміт бар. Ана сүті арнайы құтыға құйылып, көп уақыт бұзылмай сақталады.
———————————————